Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

2025 жылғы 21 сәуірде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтті, оның аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.
♻️ Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Қалдықтардың екінші өмірі» атты 7 көрме аймағы құрылды.
✅ Мысалы, Kazstonebox жобасы экологиялық және суға төзімді материал – тас қағаздан жиһаз бен қалдықтарды бөліп жинауға арналған контейнерлер шығарады. Бұл өнімдер төзімді, ылғалдан қорықпайды, бастысы ағаш пен пластикке экологиялық таза балама бола отырып, толығымен қайта өңделеді.
✅ Technic Destroy литий-ионды батареяларды қайта өңдейді және ондағы бағалы металдарды (литий, кобальт, мыс) өндіріске қайтарады. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтып қана қоймай, шикізат импортына тәуелділікті азайтады.
✔️«Жасыл технологиялар» бағыты бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 9 аймақ ұйымдастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *