Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат
Биыл бүкіл адамзат тарихындағы ең ұлы әрі қайғылы оқиғалардың бірі болған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл. Бұл – Жеңіс жолында жанын қиған боздақтардың ерлігін еске алатын, олардың рухына тағзым ететін ерекше жыл. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тек тарихи дата ғана емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығының, бейбітшіліктің, отансүйгіштіктің символы. Соғыс әр отбасының тағдырына әсер етіп, тұтас ұрпақтың өмірін өзгертті. Тек майдан даласындағы ерлік қана емес, сондай-ақ тылдағы ерлік, партизандардың жұмысы, әйелдер мен балалардың жеңіс жолындағы еңбегі. Жеңіс – оңай келген жоқ. Ол – әрбір жанның қайсарлығы мен табандылығының жемісі. Бүгінгі бейбіт күніміз үшін жанын қиған батырлардың алдында бас иеміз. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – жүректегі мәңгілік шырақ. Бұл күн – әрдайым ұрпақ есінде!
Омирсерик Шубаев, Ералиев а/о тұрғыны