Ерлік — елге мұра

   2025 жылы адамзат тарихындағы ең ауыр соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. 1945 жылдың 9 мамыры – миллиондаған адамның жанын қиып, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталған күні. Бұл күн – ерліктің, батырлықтың, шыдамдылық пен отансүйгіштіктің символына айналған қасиетті дата. 1941 жылы басталған соғыс халқымыздың басына аса ауыр сынақ әкелді. Қазақстандықтар майданда да, тылда да жан аямай еңбек етті. Елдің түкпір-түкпірінен жүздеген мың адам майданға аттанып, олардың көпшілігі туған жеріне оралмады. Қазақстанда жүзден аса әскери бөлім жасақталып, 1,2 миллионнан астам адам соғысқа қатысты. Қан майданда қазақ жауынгерлері ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов сынды батырларымыздың есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Олар – тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Кеңес Одағының мақтанышы болды. Ұлы Жеңіс – халқымыздың батырлығы мен бірлігінің белгісі. Бұл күн – тек тарихи дата емес, ол – жүректе сақталатын қасиетті ұғым.

Игілік Мағжан,

Ақтау а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *