Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ерлік пен Естелік
Ұлы Жеңіс – бүкіл адамзаттың жадында мәңгі сақталатын батылдық пен табандылықтың символы. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл күн біздің жүрегімізде мәңгі қалып, майданда соғысқан, ең қорқынышты шайқастарда кері шегінбеген батырларға құрмет көрсетеміз. Майданнан оралмағандар, туыстарына оралуға үлгермей, жақындарымен және достарымен кездесуді күтпей, Отан үшін өз өмірін қиғандар екенін ұмытпау керек. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Біздің мыңдаған отандасымыз майданда шайқасты және олардың жартысына жуығы үйлеріне оралмады. Бұл тарихтағы жай ғана күн емес, бейбітшілік үшін күрескендердің өлшеусіз ерлігін, батылдығы мен жаугештіліктерін тағы бір мәрте еске алатын сәт. Ата-бабаларымыздың жеңістерін еске алу – біздің ұрпақтарымыз үшін басты міндет.
Жакиянова Жулдыз,
Бидайық а/о тұрғыны