Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат
Ұлы Жеңіс – ғасырлар өтсе де ел жадынан өшпейтін, тарих бетінде алтын әріппен жазылған күн. 2025 жылы адамзат тарихындағы ең ірі соғыстың – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына тура 80 жыл толып отыр. Бұл – тек бір елдің емес, бүкіл әлемнің тағдырын өзгерткен қасіретті соғыстың жеңіспен аяқталғанына арналған айтулы дата. Соғыс жылдары – адамзат тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Миллиондаған адамның өмірін жалмаған, бүтін халықтардың тағдырына сызат түсірген бұл қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Бұл – бүгінгі бейбіт өмір сүріп отырған әр азаматтың санасында берік орнығуы тиіс шындық. Жеңістің рухы – мәңгілік. Біз осы тарихи датаны атап өту арқылы сол ерліктерді қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух дарытамыз.
Аян Естаева, Талдыбұлақ а/о тұрғыны