Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ерлікке тағзым, тарихқа құрмет
Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Бұл – тек санаулы күннің емес, сан ғасырлық жадымыздың жеңісі. Бұл – ерлік пен елдік тарихының алтын парағы. 1941 жылы еліміздің түкпір-түкпірінен аттанған жауынгерлер Отан үшін от кешіп, жан аямай шайқасты. Сол бір зұлмат жылдарда әр шаңырақ соғыстың салқынын сезінді. Көптеген отбасы өз ұлдарын, бауырларын, әкелерін майданға шығарып салды. Ал тылда қалған аналар мен қыздар, жас балалар мен қариялар Жеңіске жету жолында тынымсыз еңбек етті. Жауынгерге тілек болып жеткен хаттар, жылулықпен тоқылған қолғаптар мен шұлықтар — сол қиын күндердің үміті мен сенімінің белгісі еді. Ұлы Жеңіс – бұл халқымыздың қайсарлығы мен батырлығының мәңгілік символы. Жеңіс – бейбіт өмірдің бағасы. Біз бүгін тыныштықта өмір сүріп, көк аспан астында бақытты ғұмыр кешіп жатқан болсақ – ол сол батыр бабаларымыздың арқасы.
Арыстан,
белсенді жас