Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс

    Жылдар өтсе де, сол бір қасіретті соғыстың елесі ұрпақ санасында мәңгілік сақталады. Бүгінде Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл ерліктің, рухтың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Майдан даласында оқ пен оттың арасында жүрген жауынгерлермен қатар, тылдағы еңбеккерлер де жеңіс жолында аянбай тер төкті. Олар зауыт-фабрикаларда күні-түні жұмыс істеп, майданға қажетті киім-кешек, қару-жарақ пен азық-түлік дайындады. Бұл – халқымыздың бірлігінің, табандылығының, ержүректігінің дәлелі. Біз әрдайым бейбіт өмір сыйлаған батырларымызды еске алып, олардың ерлігін құрметтеуге, Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ел тыныштығын сақтауға міндеттіміз.

Жакиянова Жулдыз,

Бидайық а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *