Жолдау — ел дамуының стратегиясы
2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы халықтың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұсыныстар мен тапсырмалар бар. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтуге болады. Жолдаудың негізі ел экономикасы мен әлеуметтік мәселелерге арналған, әрине әлеуметтік-экономикалық мәселелер әрқашанда негізгі сұрақтардың бірі болып табылатыны сөзсіз, сондықтан да отандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға септігін тигізеді деген ойдамын. Сонымен қатар, дәл қазіргі таңда біз реформаларға тың серпін беруге тиіспіз. Жемқорлықпен күрес, азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды бірінші орынға қою керектігі жайлы баса айтқаны әрбір қазақстандық үшін маңызды екені мәлім. Президентіміздің ауылшаруашылығын дамытудағы ұсыныстарын қолдаймыз. Себебі, ауыл шаруашылығының дамуы — біздің бәсекеге қабілетті ел болуымыздың бірден бір кепілі. Президент Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап, ой елегінен өткіздім. Мен Жолдауда көрсетілген шараларды толығымен қолдаймын!
Әдия Әлімжанова,
А. Сейдімбек атындағы ЖббМ-нің 11 сынып оқушысы