Ұлытау облысында нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңес құрылды

  Ұлытау облысы Полиция Департаментінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы күрес жөніндегі жаңа Кеңестің алғашқы жұмыс отырысы өтті. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленген және Үкіметтің 2023 жылғы маусымдағы №508 қаулысымен бекітілген Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күреске арналған Кешенді жоспарды (2023-2025 жж.) іске асыру мақсатында құрылды.

 

  Кеңес құрамына Полиция департаменті, қоғамдық ұйымдардың, нашақорлықтың алдын алу саласындағы сарапшылар мен мамандар қосылды. Сонымен қатар, оның құрамына белгілі блогерлер, спортшылар, журналистер, еріктілер және басқа да медиа тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдар кіреді. Кеңестің негізгі мақсаты – өңірде нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу, халық арасында, әсіресе жастар арасында заңға бағынатын мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ азаматтарды есірткіге қарсы іс-қимылға тарту болып табылады.

 

  Кеңестің төрағасы болып Ұлытау облысы Полиция Департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ербол Қайрбеков тағайындалды. Төрағаның орынбасарлары болып Ұлытау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Оспанов және азаматтық қоғам өкілі Дастан Жақаев тағайындалды.

 

  Кеңестің алғашқы отырысында алдағы жұмыс жоспарлары талқыланып, есірткі қылмысының алдын алу, нашақорлықпен күресу және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы міндеттер белгіленді. Кеңес мүшелері бұл бағытта түрлі мемлекеттік және қоғамдық институттармен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *