Жарқын болашаққа жетелейтін Жолдау

Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің осы жылғы Жолдауы Жаңа Қазақстанды әлем кеңістігінде нық басуға, халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген Жолдау деп айтуға болады. Әрине, Жолдау негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуді алға қойғанымен, басты мәселе ретінде экономикамыздың нық басуына бағытталған, атқарушы биліктегі күрделі мәселелерді шеше отырып, инфрақұрылымдық өзгерістерді нық және батыл шешкен ісшаралармен осы Жолдау ерекшеленді деп айта аламыз. Мемлекет басшысы елеп өткен, еліміздің еңселі, дамыған елдермен тең дәрежеге жеткізу мақсатында ұсынған іргелі жобалары бізге терең ой салды, үлкен жауапкершілік жүктеді. Жаңа жаһандық үдерістің әлемге жайылуы біздің мемлекет үшін де болашаққа бағдар жасап, өз бағдарламасын бекітуді қажет етеді. Заманға сәйкес жаңғыру бүгінде барша мемлекеттің алдында тұрған міндет. Екі дәуір тоғысқан сындарлы кезеңде ұлттық негізімізді сақтай отыра, түбегейлі жаңғыру мен рухани өркендеудің, баянды болашаққа нақты қадам жасаудың тарихи мүмкіндігін Мемлекет басшысы айрықша анықтап, халыққа жолдады. Біз Президентіміздің мәңгілік елдің рухани жаңғыруының болашақ бағдарына арнаған осынау мемлекеттік маңызы айрықша үндеуін бірауыздан қолдап, жұмыла жұмыс жасауымыз міндет деп түсінеміз. Ұлт руханиятын мәңгілік ел идеясы негізінде сақтап, келешекке кемел түрде жеткізу жолында баршамыз жан аянбай тер төгіп, еңбек етуіміз ләзім.

Айнұр СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ, Б.Амалбеков тірек мектебінің ұстазы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *