Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы
Қаралым: 11

http://2024 жылдың 18 наурызында Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында еліміздің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және құқықтық салаларын жетілдіруге бағытталған маңызды шешімдер қабылданды. Отырыс нәтижесінде 10 заң жобасы ұсынылып, 9 заң қабылданды. Олардың ішінде әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше назарға алынды. Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдер мен балаларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтарға жазаны күшейтуге бағытталған. Бұл өзгерістер құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттырып, осал топтардың мүдделерін қорғауға жол ашады. Сонымен қатар, құрылтай мүшелері елдегі құқықтық мәдениетті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар жасады. Бұл бастамалар алдағы уақытта заңнамалық және институционалдық өзгерістерге негіз болады. Осылайша, Ұлттық құрылтайдың шешімдері Қазақстанның дамуына, әділеттілік қағидаттарын күшейтуге және азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Қуаныш Төлеутай,