Жұмысшы мамандықтар жылы — ел дамуының негізі

http://2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – еліміздегі өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салаларда еңбек ететін мамандардың мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам. Қоғамның дамуы мен экономиканың өркендеуі көбінесе жұмысшы мамандардың еңбегіне байланысты. Құрылысшылар, металлургтер, механизаторлар, дәнекерлеушілер, электриктер және басқа да кәсіби мамандар – ел дамуының тірегі. Олардың біліктілігі мен еңбегі күнделікті өміріміздің сапасына тікелей әсер етеді. Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек адамдарына деген құрмет пен қолдаудың белгісі. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп қана қоймай, жастарды кәсіптік білім алуға ынталандырады. Ел экономикасын дамытуда, инфрақұрылымды жақсартуда, өндірістің жаңа деңгейге көтерілуінде жұмысшы мамандардың орны ерекше.

Тасболат Сәтбергенов,

Байдалы би ауылдық округі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *