2025 — жұмысшы мамандықтар жылы

 Мемлекет басшысының биылғы жолдауы қарапайым еңбек адамдарын бір қуантып қойғаны анық. Өйткені президент 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Сондықтан, құрылыс, ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіптік сияқты кез-келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп, мәртебесі артатыны анық. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша өзекті мәселе екендігін атап өтті. Осыған орай ауыл-шаруашылығына қажетті жұмысшы мамандар даярлайтын колледждер үшін мол мүмкіндіктер ашылады деген ойдамын.
Қоғамға қажет жұмысшы мамандардың беделі артатын шақ келді. Кез-келген еңбек-қадірлі. Иә, әрбір жұмысшының еңбегі бұқарада дұрыс жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған. Сондықтан, барлық жұмыс орындарына бірдей құрметпен қарау, әрбір маманның еңбегін бағалау-біздің қоғамымыздың дамуы үшін маңызды қадам.

 Лаула Матай,

белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *