«Заң мен тәртіп: 2024 жылдағы Ұлытау облысындағы ЭТТД жұмысының нәтижелері бойынша жауапкершілік және есептілік
Ұлытау облысының өңірлік Коммуникациялар қызметінде «Заң мен тәртіп: 2024 жылдағы Ұлытау облысындағы ЭТТД жұмысының нәтижелері бойынша жауапкершілік және есептілік» тақырыбында өңірлік брифинг өтті. Брифингке Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары МАРҒҰЛАН КАЛИАКПАРОВ қатысты
«Бүгін біз 2024 жылдағы департамент жұмысын қорытындылап, оның нәтижелерін таныстырғымыз келеді. Өткен жылы біз бюджеттік саладағы қылмыстарды тергеу мен ашуда, көлеңкелі экономиканы жеңуде, сондай-ақ бірқатар жүйелі мәселелерді шешуде және алдын алу шараларын жүзеге асыруда айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Дегенмен, назар аударуды қажет ететін мәселелер әлі де бар»
Ұлттық жобалар жөнінде:
Қазіргі уақытта аймақта бірнеше ұлттық жобалар іске асырылуда. Департамент атқарушы органдармен белсенді түрде жұмыс істеп, бюджет қаражатын жұмсауды мониторингтеп, бақылауды жүзеге асырады.
Көлеңкелі экономикамен күрес
Департаменттің негізгі бағыттарының бірі көлеңкелі экономикамен күрес болып табылады. Аймақта арнайы комиссия аясында төрт отырыс өткізілді, онда негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Біз заңды бизнес құрылымдарының қызметіне араласпай, қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында егжей-тегжейлі талдау мен мониторинг жүргізуді жалғастырудамыз.
Мысалы, объектіні қайта жаңарту, модернизациялау үшін бөлінген қаражаттың асыра жұмсалуына жол бермедік, сондай-ақ битум жеткізу кезінде пайдасыз делдалдықтың орын алуына тосқауыл қойдық.
Әлеуметтік мәселелер және бизнесті қорғау:
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны мониторингте де табыстарға жеттік. Атап айтқанда, білім беру мекемелерінде 12 тауардың бағасы (орташа есеппен 12%) 22 миллион теңгеге төмендетілді.
Сондай-ақ, бірнеше көтерме жеткізушілерді анықтап, олардың 6 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, себебі олар тауарларды жоғары бағамен сатты.
Аймақты газдандыру:
Тағы бір маңызды мәселе — газ тарату желілеріне қосылу кезінде коммерциялық парақорлықтың орын алуы. Тергеу нәтижесінде лауазымды тұлғалар сотталды, ал аймақтың газдандыру жүйесі айтарлықтай жақсартылды. 23 жыл бойы шешілмеген мәселелер бүгінде шешілді, жасанды кедергілер жойылды.
Қылмыстық істер және мүлікті тәркілеу:
2024 жылы 46 қылмыстық істің 39-ы аяқталып, оның 28-і сотқа жіберілді. Қаржылық пирамидалар схемаларын тергеуге ерекше көңіл бөлінді. Сәуір айында республика бойынша алғаш рет қаржылық пирамида жарнамасы туралы іс бойынша үкім шықты. Сондай-ақ, 26 миллион теңге көлемінде мүлік тәркіленді.
Жауапкершілік және есептілік: «Заң және тәртіп»:
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын тарату аясында біздің жұмысымыздың негізгі принциптерінің бірі жауапкершілік пен есептілік болып табылады. Біз заңның қатаң сақталуын бақылап, процесске қатысушылар үшін өз қызметіміздің ашықтығын қамтамасыз етеміз.
Қатаң есептілік пен бақылауды қамтамасыз ету кез келген саланың тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады.
2025 жылы Агенттіктің төрағасының тапсырмалары бойынша біз осы бағыттарда белсенді жұмыс істеуді жалғастырамыз, сондай-ақ криптовалюталар мен блокчейн технологияларымен байланысты жоғары интеллектуалды қылмыстарды анықтау және олармен күресуге назар аударамыз, себебі бұл қаржылық алаяқтықтың жаңа әрі өзекті түріне айналуда.