Әділ төрелік, тиімді сот жүйесі қажет 31 января, 2025 0 Қаралым: 56 http://Соттар азаматтармен диалогқа ашық және барлық сұрақтарға жедел жауап береді. Олар өздерінің ақпараттық жұмыстарында заңды бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы идеясын үнемі насихаттап отырады. Құқық бұзушылық жасаған азаматтар сөзсіз әділ жауапкершілікке тартылады. Бұл сот жүйесінің әділдігі мен заңдылықты қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсетеді. Сот органдары құқық қорғау органдарымен, азаматтық қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатып, заң үстемдігін нығайтуға бағытталған кешенді шаралар қабылдайды. Бұл іс-шаралар тек құқық бұзушылықтардың алдын алуға ғана емес, сонымен бірге қоғамда әділдік пен заңдылықтың жоғары мәртебесін қалыптастыруға ықпал етеді. Ақниет Арыстан, белсенді жас Facebook Pinterest