Әділдік пен кәсібилікке бағыт 30 января, 2025 0 Қаралым: 53 http://Цифрландыру полиция жұмысының ашықтығы мен тиісті тиімділікке қол жеткізудің өте маңызды құралы болып табылады. Бүгінгі таңда HR саясаты процестерінің көпшілігі цифрлық форматқа көшірілді. Осы ретте әділ кадр жүйесі енгізілуде, оның ішінде. бастапқы қабылдау және қайта қалпына келтіру процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл кадр саясатын реттеуде адами факторды азайтып, біліктілігі жоғары мамандарды іріктеуге ықпал етеді. Сонымен қатар, цифрлық форматта жұмыс істеу қызметкерлердің кәсіби өсімін бақылауға, олардың жұмыс нәтижелілігін әділ бағалауға мүмкіндік береді. Қоғаммен байланыста цифрландырудың маңызды бөлігі ретінде қарастырылып, азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне жылдам жауап беру үшін заманауи технологиялар қолданылуда. Цифрландыру арқылы полиция жүйесі халықтың сеніміне ие болып, қызмет сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар жасап келеді. Лаула Матай, волонтер Facebook Pinterest