Азаматтар құқықтарын қорғауда уәкілдің рөлі
Уәкілдің құқықтық мәртебесі мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңмен айқындалады, бұл оның еліміздің құқықтық жүйесіндегі жоғары мәртебесін атап көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы уәкіл институты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Конституциялық заңға сәйкес, уәкіл өз қызметін тәуелсіз әрі әділ түрде жүзеге асырады, ал оның қызметі мемлекеттік органдардың заңдылықты бұзуы мен адам құқықтарының сақталмауы мәселелері бойынша қоғамда әділеттілікті орнатуға бағытталған. Уәкілдің міндеті – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне қатысты қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Сонымен қатар, оның жұмысы қоғамдық пікірді ескере отырып, заңнамалық бастамаларды ұсынуға мүмкіндік береді.
Мердан Атамұрат,
Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаты