Құқықтық жүйенің дамуы: халық сенімін арттыру

  Мемлекет соттық-құқықтық жүйеде тепе-теңдікті сақтайды. Полиция қылмыстарды айқындап, күдіктіні анықтайды және дәлелдемелік базаны жинақтайды. Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау мүддесінде заңдылықтың сақталуын қадағалайды, құқық қорғау органдарының атқарған жұмыстарын объективті түрде бағалайды, сотта айыптаушы қызметін атқарады. Соттар қорғау мен айыптаудың дәлелдеріне бірдей негізделген, әділ және біркелкі үкім шығарады. Айқын қайшылықтар болған жағдайда еліміздің азаматтары Конституциялық сотқа жүгінеді. Сот жүйесінде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және әділдік принциптерін сақтау үшін ашықтық пен қолжетімділік қағидалары сақталады. Құқықтық процестерде заманауи технологиялар енгізіліп, халықтың сотқа жүгінуі жеңілдетілуде. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда әділеттілікті қамтамасыз етеді.

 Арыстан Ақниет,

белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *