«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ұлытау облысында жеті заманауи мектеп салынады

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесу өткізді. Тараптар біздің өңірде ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша бекітілген «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру бойынша бірінші кезектегі сұрақтарды талқылады. Жер учаскелерін бөлу, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, сондай-ақ құрылыс материалдары мен жабдықтарын жергілікті өндірушілердің ұлттық жобасына қатысу мәселелеріне қатысты болды.

Кездесу барысында Ұлытау облысындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы жеті білім беру мекемесі салынатыны, оның үшеуі ауылдық жерде болатыны атап өтілді. Мамандардың айтуынша, бұл оқушы орындарының тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешуге, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға, балаларды оқыту үшін жақсы жағдайлар жасауға, сондай-ақ ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықтарды айтарлықтай азайтуға бағытталған.

Кездесу соңында өңір басшысы бейінді басқармалардың басшыларына ұлттық жобаны іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *