Әділдік пен теңдік
Еліміздің сот және құқық қорғау жүйелері Әділетті Қазақстан құрудағы қоғамдық сұранысқа сай реформалануда. Соттар, прокуратура, полиция заңды сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша нақты шаралар қабылдауда. Заң бәріне бірдей, оған барлығы сөзсіз бағынады. Заңнамалық қайшылықтар азаматтардың пайдасына түсіндіріледі. Әрбір адамның ар-намысы, қадір-қасиеті және заңды мүдделері құрметтеледі. Сот жүйесі әділ шешім қабылдауға бағытталған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау басымдыққа ие болып отыр. Сот процестері ашық және жариялы түрде өтіп, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға ықпал етуде. Бұл реформалардың барлығы әділетті Қазақстанды құру жолында үлкен маңызға ие болып, мемлекет пен халықтың арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.
Дәурен Ізтүлеуов,
Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаты