Қылмыстың алдын алу – қауіпсіз болашақ кепілі
Полиция қызметкерлері азаматтарды кез келген жағдайда, тіпті болмашы құқық бұзушылық үшін қатаң жазалаудан гөрі, қылмыстың алдын алуды мақсат тұтады. Бұл олардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, себебі алдын алу шаралары қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдісі ретінде қарастырылады. Ерекшелікті ауыр және аса ауыр қылмыстар құрайды, себебі мұндай жағдайларда заңды бұзған тұлғаларға қатаң шаралар қолдану қажет болады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамда сенім мен әділеттілікті нығайтуға ұмтылады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін профилактикалық шаралар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және тұрғындармен тығыз байланыс орнату маңызды рөл атқарады.
Лаула Матай,
белсенді жас