Қазақстан халқына Жолдау 2024
Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жолдауда экономикалық реформаларды жеделдетіп, шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа шараларын енгізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, елдің өнеркәсіптік әлеуетін толық ашу және бірінші кезекте энергетика және коммуналдық шаруашылықтағы басым инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге жүйелі күш салу тапсырылған болатын. Жолдауда жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударылды. Салық жүйесін қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары бар. Бұл жалпы өнеркәсібімізге жақсы әсерін беретініне сенімдіміз. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін несие беру ұсынылды. Елбасымыз мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беретінін айтты. Және де көлік инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында басты басымдықтарды атап өтті. Жолдаудағы аталған шаралар жүзеге асып, еліміз дамып, өркендей берсін. Осы жолда барша халық бірігіп аянбай еңбек етсек мақсатымызға сөзсіз жетеміз.
Амина Алшыновна,
белсенді жас