«Жұмысшы мамандықтар жылы»
2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялануы – ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын маңызды қадам. Бұл шешім жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, қоғамда олардың маңызын түсіндіру және осы саланы қолдау мақсатында қолға алынып отыр. Жұмысшы мамандықтар – экономиканың негізін құрайтын, елдің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын қамтамасыз ететін кәсіптер. Осы мамандықтар арқылы жаңа нысандар бой көтеріп, энергетика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салалары қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын нығайтуға, жастардың болашаққа сенімін арттыруға және жұмысшы мамандықтардың беделін көтеруге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Бұл тек экономиканың емес, бүкіл қоғамның дамуына зор серпін беретіні сөзсіз. Әрбір азамат бұл бастаманы қолдап, оның жүзеге асуына өз үлесін қосуы тиіс. Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу – елдің тұрақты болашағының кепілі.
Қалық Айсұлу, журналист