Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Есірткі қылмысының алдын алу туралы» тақырыбында өңірлік брифинг өтті. Баяндамашы Ұлытау облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан ОСПАНОВ.
«Қазақстан Республикасының Президентімен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға қол қойылды (2024 жылғы 27.12.)». Осыған байланысты 2025 жылғы 3 наурызда күшіне енетін оның құқықтық салдарын түсіндіріп кетейін» деп баяндамасын бастаған Ерлан Оспанов өзгерістерге жіті тоқталды.
Біріншіден, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі таратушылар, оның ішінде «есірткі жасырушылар» үшін қылмыстық жауапкершілік бөлінген. Егер олар үшін Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша бірыңғай жаза қолданылған болса, енді есірткі жасырушылар ҚК сол 297 бабы бойынша бірақ төмендетілген санкциялармен тартылатын болады:
— 1 бөлігі бойынша енді 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 5 жылдан 10 жылға дейін болған. Бұл егер адам аз мөлшерде есірткі өткізгені үшін ұсталса (мысалға, марихуана 50 граммға дейін; гашиш 5 граммға дейін, мефедрон 0,02 граммға дейін, АльфаПВП 0,01 граммға дейін);
— 2 бөлігі бойынша енді 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін болған. Бұл егер адам ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін ұсталса (марихуана 1 килограммға дейін; гашиш 200 граммға дейін, мефедрон 0,02 граммнан 1,5 граммға дейін, АльфаПВП 0,01 граммнан 1 граммға дейін);
— 3 бөлігі бойынша енді 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды, бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін болған. Бұл егер адам ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін ұсталса (марихуана 1 килограммнан астам; гашиш 200 граммнан астам, мефедрон 1,5 граммнан астам, АльфаПВП 1 граммнан астам).
Бас бостандығынан айыру орындарында отырған көптеген есірткі жасырушылар бұл заңды бірінші рет аттап өткен жастар. Сондықтан мемлекет түзету жолына тұрған жастарға ертерек еркіндікке шығып жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Бұл да түрмеде отырған халық санының үлесін азайту бойынша маңызды қадам.
Бұл жаңа енгізілімдер нені білдіреді?
Заң енгізілгеннен кейін заңның кері күші әрекет ете бастайды (ҚК 6-бабы), себебі жаңа нормалар олардың жағдайын жақсартады. Бұл санаттағы адамдардың шартты-мерзімінен бұрын босатуға, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін одан да жұмсақ түрімен ауыстыруға құқығы болады (айыппұл, бас бостандығын шектеу).
Ақпарат: қазір колонияларда есірткі қылмыстары үшін шамамен 4 мың сотталушы отыр (9,4%), әйелдер -225 (0,5%) және 9 (0,02%) кәмелетке толмағандар.
Бірден айта кетейін, әрбір үкім сотпен дербес қаралатын болады (айлық мерзім). Бұл үшін сотталушы жазасын өтеп жатқан мекеме әкімшілігінің ұсынымы немесе оның өзінің өтінішхаты қажет (ҚК 72, 73-баптары, ҚПК 161, 162 және 169-баптары). Болжам бойынша есірткі қылмыстарын жасаған 1 мыңнан астам сотталушы осы құқығын пайдалана алады.
Анықтама ретінде: алдын ала деректер бойынша соттармен 2 430 сотталушыға қатысты істер қайта қаралады, оның ішінде:
— бас бостандығынан айыру орындарынан 427 сотталушыны босату (әйелдер — 17, кәмелетке толмағандар – 0).
— ШМББ — 894 (әйелдер — 87, кәмелетке толмағандар — 0);
— ЖЖА-1109 (әйелдер — 152, кәмелетке толмағандар — 0).
Екіншіден, заңмен біржола ҚК 297-1 жеке бабы енгізілуде, онымен есірткі бизнесін ұйымдастырушылар және есірткі өндірушілер, сондай-ақ лауазымды тұлғалар үшін жаза қатаңдайды. Оларға 15 жылдан 20 жылға дейін немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Анықтама: 1 бөлім – 5 жылдан 10 жылға дейін; 2 бөлім – 6 жылдан 12 жылға дейін; 3 бөлім – 10 жылдан 15 жылға дейін; 4 бөлім – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы.
Күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткіні өндіру, әзірлеу, қайта өңдеу кезінде қолданылатын прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік бірінші рет енгізілуде.
Анықтама: прекурсорлар – қос мақсаттағы бұл заттар металлургиялық, фармацевтикалық, химиялық, мұнайгаз және басқа да салаларда кеңінен қолданулады (толуол, сірке, тұз, күкірт қышқылдары, ацетон, эфедра шөбі, сірке қышқылының ангидриді).
Енгізілген өзгерістер қылмыстық жауапкершіліктің бұдан да әділетті жүйесін құруға, сондай-ақ қоғамды есірткінің заңсыз айналымы салдарынан қорғау бойынша шараларды күшейтуге мүмкіндік береді деп пайымдаймыз.