Құттықтау
Құрметті, аяулы, асыл анашым
Дакен Ермекбайқызы!
Мерейлі 80 жасыңыз құтты болсын!
Бір әулеттің шаңырағын биіктетіп, отын тұтатқан, шамшырағымыз, отбасымыздың алтын қазынасы – анамыз бүгін керемет жасқа келіп отыр.
Бұл жасқа жетіп, өз көркем болмысын жоғалтпай, жақындарына сыйлы болып отырғаныңыз абыройыңыздың белгісі. Мәңгілік тән мен жан жастығы бұйырсын, саған, анашым!
Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде қызын — қияға, ұлын — ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анамыз, Сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.
Асыл ана, жарық күнсің, шуағымсын.
Сенсіз менің өмірімнің жоқ мәні.
Мейіріміңе бөленіп біз өстік.
Жүрегімнің әрдайым сенсің мәні.
Асыл жансың, әр күніңе табынам,
Жұпар иісің гүлдерге тең қылам.
Бүгінгі күн – 80 жасың мерейлі,
Әрбір сәтің шаттыққа толсын анажан!
Ұзақ өмір тілеймін мен өзіңе,
Жақсы күндер серік болсын жаныңда.
Мақтанышым, қымбатты анам, тірегім,
Бақытқа толсың мәңгі сенің айналаң!
Ізгі ниетпен балаларыңыз: Рысалды, Батырхан – Сая, Марат – Асыл, Марлан – Гүлім.
Немерелеріңіз: Дүйсен – Айым, Мәди – Айгерім, Жалғас, Бекнұр, Ақниет, Айым, Аяулым, Ұлжан.
Шөберелеріңіз: Шырайлым, Бейбарыс, Айғаным.