Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасымен кездесті

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Бас мүфти біздің аймаққа өзінің жұмыс сапары аясында келді.

Кездесуде облыстағы діни ахуал, сондай-ақ оның қоғамға әсері талқыланды. «Біз әрқашан Ұлытау облысының рухани дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Біздің мақсатымыз – ел игілігі үшін қызмет ету», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти мен облыс әкімі Ұлытау өңірінде бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асыруға келісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *