Ұлытау облысы полиция департаменті келе жатқан жаңа жылдық мерекелерге орай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыстың күшейтілген нұсқасына көшкенін хабарлайды
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында полиция департаментінің жеке құрамы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қабылдайды.
Полиция қызметкерлері қала мен ауылдарда патрульдеу жұмыстарын күшейтеді.
Мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда полиция қызметкерлері тұрақты түрде бақылау жүргізеді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, қоғамдық көліктер мен ойын-сауық орындарында тексерулер жүргізіледі.
Полиция департаменті азаматтарды мерекелік шараларды ұйымдастыру кезінде заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Егер сіз құқық бұзушылықты байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.