Түркияға барып келген қазақстандық құтқарушыларға сыйақы төленеді
Түркияда іздеу-құтқару операциясына қатысқан 100-ге жуық қазақстандық құтқарушыға Президент марапатынан бөлек, ақшалай сыйақы төленеді.
Бұл туралы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты.

Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан 18-19 ақпан күндері елге оралған болатын.



Олар Газиантеп пен Хатайда жеті адамды құтқарып, 88 адамның денесін үйінді астынан алып шықты.