Ұлытау облысында жаңа реабилитациялық орталық ашылды

Ұлытау облысында ағымдағы жылы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа реабилитациялық орталық ашылды. Орталық 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған және жыл сайын 600 балаға дейін қабылдай алады. Бұл жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

«Бұл ынтымақтастықтың жалғасып жатқанына қуаныштымын. «Қазақстан халкына» қоры әлеуметтік көмек аясында орталыққа 65 миллион теңге көлемінде жабдықтар жеткізіп, 52,4 миллион теңгеге балаларға ойын алаңын, футбол, баскетбол алаңдарын және воркаут гимнастикалық кешенін сыйға тартты.», — деді Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков.

Бұдан басқа, 2024 жылы облыс бойынша көптеген маңызды құрылыс жобалары жүзеге асты. Жаңа мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелердің құрылысы аяқталды.

Ұлытау облысының экономикасы да даму жолында. 2024 жылы 1-ші жартыжылдығы бойынша жалпы өңірлік өнім 799 млрдтеңгені құрап, облыс экономикасының 3%-ға өсті. Инвестициялар көлемі 158 миллиард теңгеге жетіп, бұл көрсеткіштің жыл сайын өсуі байқалады. Облыс әкімдігі алдағы уақытта жаңа өндірістер мен инфрақұрылымдық нысандарды іске қосу жоспарын одан әрі дамытуды көздеп отыр.

Ұлытау облысы әлеуметтік және экономикалық салаларда тұрақты өсім көрсетіп, өңірдің дамуында жаңа мүмкіндіктер ашып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *