«Инклюзивті білім беру: Тәжірибе мен мүмкіндіктер» атты семинар
Жуырда Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің әдістемелік жоспарына сәйкес С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасында білім бөлімінің әдіскері Айгерім Құралтайқызы Оқасованың ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру: Тәжірибе мен мүмкіндіктер» атты семинар-тренинг өтті.
Семинардың мақсаты: Мектептегі психологиялық қызмет жұмысын жандандыру және оны жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін ұсыну; ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмысты ұйымдастыру; логопед қызметіндегі әдіс-тәсілдерді ұсыну; ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға жеке қадам.
Семинарға білім бөліміне қарасты барлық мектептердің оқу ісінің орынбасарлары, педагог-психологтар, логопедтер, дефектологтар және түзету орталығының мамандары қатысты.
Семинар Білім бөлімінің басшысы Балабаева Махаббат Ермұханбетқызының алғы сөзімен ашылды.
Модератор А.Қ.Оқасова семинар бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудандық семинар аясында «Тіл кемістіктері және оны түзетуде қолданылатын логопедиялық әдіс тәсілдер» тақырыбында С.Сейфуллин атындағы ЖББМ педагог-логопеді Мананбаева С., «Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары» тақырыбында Е.Шаханов атындағы ТМ (РО) логопеді Умирбаева Л.Қ, «Баланың қол моторикасын ойын арқылы дамыту» тақырыбында Е.Шаханов атындағы ТМ (РО) арнайы педагог Байкенова Н.Т. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған психологиялық тренинг» сабағынан Е.Шаханов атындағы ТМ (РО) педагог-психологы Тусупова Л.Қ үзінді көрсетіп, семинар қатысушылармен практикалық жұмыс жасады.
«Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың нәтижелері мен жетістіктері» тақырыбында Е.Шаханов атындағы ТМ (РО) педагог-психолог Сейсенәлиева А.Ғ нәтиже мен жетістік ақпаратын ұсынды.
«Суицид — қоғамдағы проблемалардың бірі» тақырыбында А. Сейдімбек атындағы ЖББМ педагог-психологы Шагирова А.Д. баяндама оқып, бейнеролик көрсету арқылы тақырыбын аша білді.
«Ерекше білімді қажет ететін балаларды (үйден оқыту) оқытуда заманауи технологияларды қолдану» тақырыбы аясында Б.Амалбеков атындағы ТМ (РО) педагог – психологы Спатаева А.А. практикалық жұмысының жобасын ұсынды.
Семинар қатысушыларына сергіту сәтін Б.Амалбеков атындағы ТМ (РО) психологы Серикбаева А.А. өткізді.
«Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін психологтардың жұмысы» тақырыбы бойынша О.Жұмабеков атындағы ТМ (РО) педагог-психолог Мұнсызбаева Б.Д. атқарған жұмысымен бөлісті.
Семинардың қорытынды бөлімінде ауданымыздың түзету орталығының басшысы Сарбасова Ж.А. ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс бойынша кеңес берді. Сонымен қатар «Мен Өмірді сүйемін» тренингті С.Сейфуллин ЖББМ педагог-психолог Шакенов А. өткізіп, барлық қатысушы педагогтарға әдемі әсер сыйлады.
Модератор А.Қ.Оқасова семинарды қорытындылап, қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.
«Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері
Оқасова Айгерім Құралтайқызы.