Заң және тәртіп – әділдіктің кепілі
Заң мен тәртіп күшейіп, елімізде болып жатқан келеңсіздіктер мен құқық бұзушылықтар әділетті жолмен шешілу қажет. Заңның сақталуы және құқықтық сананы арттыру маңызды. Қазіргі таңда интернет желісінде алаяқтар көбейіп кетті. Соның салдарынан заң бұзушылық әрекеттер пайда болып жатыр. Бұл аса жаупкершілікті талап етеді. Әр адам жеке тұлға, сондықтан қоғамдық ортада өзін әдепті, тәртіпті ұстаса, мемлекетте тыныштық орнап, істеген істе береке болып, адамдар арасында татулық орнайды. Ол үшін алдымен азаматтарымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жаңа сапалық деңгейде көтеруіміз керек. Дегенмен, дамыған қоғам жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол бермейді.
Дәурен Ізтілеуов, Жаңаарқа ауданының Мәслихат депутаты