15-тен астам фермерлік және шаруа қожалықтары Ұлытау облысында субсидиялауды жоспарлап отыр

Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Аталған тақырыпта ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.а. А.Сексенбаева, қалалар мен аудандардың әкімдері баяндама жасады.

Мәселен, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егу алаңы 35,3 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6% — ға артық.

Сондай-ақ, 77 кг минералды тыңайтқыштарды сатып алу жоспарланған, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының 8% — на дейін немесе 1,9 мың га-ны қамтуға мүмкіндік береді. Аурулармен, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және арамшөптермен күресу үшін жергілікті бюджеттен 2 мың литрден астам пестицидтер сатып алуға 11,7 млн теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникасының далалық жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр. Егіс науқанына 75-тен астам трактор, 225 сепкіш, 2 егіс кешені және 12 қопсытқыш тартылатын болады.
Бұдан басқа, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 840 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінетін болады.

Облыс басшысы оңтайлы агротехникалық мерзімде сапалы жүргізілген көктемгі егіс жұмыстары өңірдің жақсы өнімі мен азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі болып табылатынын атап өтті. Сондықтан бұл мәселе үнемі қатаң бақылауда.

Кеңесте а.ж. облыста 30,5 млн теңге сомасына субсидия түрінде өсімдік шаруашылығына мемлекеттік қолдау қарастырылғаны атап өтті. Мәселен, тұқым шаруашылығын дамытуға 12,6 млн теңге субсидияланады, пестицидтердің құнын субсидиялауға 11,7 млн теңге бөлінеді, «Минералды тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» бағдарламасына 6,2 млн теңге қарастырылған.
2023 жылға 15-тен астам фермерлік және шаруа қожалықтарын субсидиялау жоспарлануда, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе жоғары.

Бұдан басқа, 2023 жылы субсидиялаудың жаңа жүйесі енгізілді. «АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» барлық мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсететін болады. Фермерлер үшін субсидиялау қызметтері тегін негізде көрсетілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *