Жерлесіміз чемпион атанды

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында қазақ күресінен ересектер (ерлер мен әйелдер) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Палуандар жарысына еліміздің 17 облысынан 450-ге жуық палуан сайысып, кілемде кіл мықтыны анықтады.
Тараз қаласында бастау алған чемпионаттың бағдарламасына сәйкес, жарыстың бірінші күні ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг, ал әйелдер: -70 кг, -77 кг, +77 кг салмақ дәрежелерінде сынға түсті.
Облысымыздың атын республикалық дәрежеде қорғап жүрген айбынды палуандарымыз өте көп. Оның ішінде ұлттық спортымыз қазақ күресі ерекше орын алады. Атақты жерлестеріміз Диқанбай Биткөзов, Мейірхан Тапашұлы, Асылхан Барменов, Айдос Ғалымов сынды жауырыны жер иіскемеген палуандардын артынан ерген жас жігерлі спортшыларымыз да бар. Осындай ағаларымыздың жолын қуған ауданымызға белгілі спортшы Нұртілек Қарақесеков облыстық додада облысымыздың және Жаңаарқа жерінің атын шығарып келді.
60 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз 5-ші Дүниежізілік көшпенділер ойындарының екі жеңімпазын жарыс жолынан шығарып Қазақстан чемпионы атанды. Чемпионымызға алдағы таңда боз кілемде байрағымызды биікке көтеріп жүруін, жарыс жолында жарқын жеңістер тілейміз!

Қуаныш АУДАНБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *