Қаңтар айында көпбалалы отбасылар 33,1 млрд теңгеге жәрдемақы алды
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері:
▫️4 баласы бар отбасыларғы – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
▫️5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
▫️6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
▫️7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
▫️8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 130 800 теңге мөлшерінде.
Атап өтейік, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.