Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы” брифинг өтті. Баяндамашы ҚР Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Ұлытау облысы бойынша өкілі Аманжол Каримов.

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы” брифинг өтті. Баяндамашы ҚР Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Ұлытау облысы бойынша өкілі Аманжол Каримов.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл- адам құқықтарын қорғау және оларды қамтамасыз етуге бағытталған арнайы мемлекеттік лауазым. Бұл уәкіл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қадағалап, кез келген адам құқықтарын бұзу мәселелерін шешуге көмектеседі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің негізгі міндеттері:

— Құқықтарды қорғау

* Шағымдарды қарастыру

* Бақылау және қадағалау

* Қоғамдық ақпараттандыру

* Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар беру

А.Каримов қойылған сұрақтарға жауап берді.

— Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өтінішті қалай жіберуге болады?

— Сіз Омбудсменге өтініш Е-Otinish порталы арқылы жібере аласыз. Іздеу жүйесінде мемлекеттік ұйымды таңдаған кезде «Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықты» белгілеңіз.

— Қандай жағдайларда Омбудсменге хабарласуға болады?

— Сіздің құқықтарыңызды бұзылуына әкеп соққан мемлекеттік органдардың,  лауазымды тұлғалардың және ұйымдардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне шағым жасай аласыз.

—Адам және адамзаттың бостандықтарын қорғау бағытында қандай шаралар қабылданып жатыр?

​​— Біздің негізгі міндеттеріміз шағымдарды қарау, бұзылған құқықтарға жәрдемдесу болып табылады. Ағымдағы жылдың 9 айында бізге 21 өтініш түсті, солар бойынша мемлекеттік органдарға сұраныс хаттар жолданды, нәтижесімен 1 адамның құқықтарын қалпына келтірілуге жәрдемдесілді. Одан бөлек мен өзім жеке қабылдау жүргіземін, аудандарға да шығамын, аралап кездесулер өткіземін, 9 айдың өзінде  21 азаматты қабылдадым, солар бойынша тиісті түсіндірмелер беремін. Бұзылған құқықтары бойынша арыздарын қабылдап , қанағаттандыруға тырысамын. Одан бөлек менде мекемелерді аралау, әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерді аралау , қоғамда уақытша оқшаулайтын, жазаны орындауға арналған мекемелерді аралаймын. Одан бөлек бізде сараптамалық кеңес құрылды , басты мақсаты ол — адамның және азаматтардың конституциялық кепілдік берген құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу болып табылады. Сараптамалық кеңес құрамына яғни адам құқықтары жөніндегі салада тәжірбиесі бар деген, сонымен қатар азаматтық белсенділерді қосты, 7 адамнан құралатын кеңес құрып жан- жақты ұйымдарды қосып алғашқы отырысын ағымдағы жылдың  9 қыркүйекте өткіздік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *