Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ақпараттық қызметтер көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағартушылық жұмыс» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүргізу қорытындылары туралы» тақырыбында өңірлік брифинг өтті.

Брифингіге Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Дәулетбаев, «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Назерке Жарылқасынова қатысты.

Ұлытау облысында импорттық өндірістегі тамақ өнімдерінің түрі көп. Оның ішінде: сүт, ет, кондитерлік өнімдері, жартылай фабрикаттар, балалар тағамы және т. б. Импорттық өнімдер бүкіл ел бойынша сауда объектілерінің сөрелерінде бар, бұл сатып алушылар үшін көмек болып табылады. Импорттық өндіріс тауарларының көптігі, импорттық өнімнің пайдасына тұтынушының таңдауы отандық өндіріске кедергі келтіретін факторлар болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі 2023 жылы «Сапалы өнім» жобасын іске қосты. Жобаның міндеттері: тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға тарту, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау. Жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ақпараттық қызметтер көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағартушылық жұмыс» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша конкурс жариялады. Байқау жеңімпазы «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі болып танылды. «Жобаның міндеті – аккредиттелген ұйымдар арқылы зерттелген әр өңірден кем дегенде 15 бірліктен кем емес зерттеулердің нәтижелері туралы объективті де сенімді ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратып, Қазақстандағы тұтынушыларға сатылатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету», — деп атап өтті өз сөзінде Назерке Жарылқасынова. – «Жоба бойынша міндетті орындау және мақсатқа жету үшін қызмет көрсетуші еліміздің бірқатар облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларында аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларымен бірлесіп көптеген жұмыстар атқарды. ​20 аумақтық бірлікте азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың үлгілері сатылып алынды, оларды таңдау жеке тұлғалармен жасырын сатып алу әдісімен жүзеге асырылды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен келісім жасалды. Нәтижесінде Ұлытау облысында барлығы 35 азық-түлік өнімдерінің сынамасы сатылып алынды. Көбісінде  тұтынушылардың құқықтары бұзылған»-, деп қорытындылады қоғамдық бірлестігінің өкілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *