Президент Жолдау – ел дамуының жаңа бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің болашағына жасалған маңызды қадам болмақ. Жолдауда жаңалық көп. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан жаһандық процестерге белсенді қатысуды және көрші мемлекеттер мен әлемдік ойыншылармен әріптестік қатынастарды дамытуды жалғастыратынын айтты. Бұл экономикалық позицияларды нығайту үшін ғана емес, сонымен қатар елдің халықаралық аренадағы беделін арттыру үшін де маңызды. Президент Қазақстан қауіпсіздік, экономика және мәдениетті қоса алғанда, түрлі салалардағы диалогпен ынтымақтастық үшін платформа ретінде әрекет етуге дайын екенін атап өтті. Бұл Жолдау жарқын болашаққа үміт пен Қазақстанның дұрыс бағытта келе жатқанына сенімділік береді. Жаһандық сын-қатерлер мен ішкі трансформация жағдайында азаматтар мемлекет тарапынан нақты қадамдарын күтуде. Бұл қадамдар еліміздің дамуына бағытталған басты бағдар ретінде нәтижелер оң болатынына сеніміміз мол.

Жаннұр Мусипова, Қызылжар а-о белсенді тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *