Жолдау — ел өркендеуінің басты құжаты. Жолдау мол мүмкіндік сыйлайды деп сенеміз!
Ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ қазіргі күрделі жағдайда жолданған Жолдауының мән-мағынасы терең. Мемлекеттің бүгіні мен ертеңінің кепілі болып саналатын тарихи құжатта дағдарыс кезінде атқарылатын іс-шаралар мен ел өркендеуінің өзекті мәселелерінің шешу жолдары санамалап көрсетіліп, болашаққа бағдар жасалды.
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтің өмірінің айқын бейнесін жинақтап, оның шешу жолдары мен тетіктерін көрсетіп беріп отыр.
Жолдаудың негізгі басым бағыттары елдің әл-ауқатын арттыруға көзделген. Президент өз сөзінде энергетикалық, әлеуметтік, қаржылық, аграрлық салалардағы туындаған мәселелер мен олардан шығу жолдарын атап өтті.
Демек, елдің ертеңі үшін қауырт жұмыстар әлі алда. Ол үшін нақты қадам, нақты жоспар қажет. Бүгінгі жолдауда сол бір тұстар айқын көрсетілген. Өйткені, мемлекеттің мүддесі әрқашан бәрінен биік тұруы керек. Жарқын болашақ жолындағы жалынды еңбек иелері үшін биылғы Жолдау мол мүмкіндік сыйлайды деп сенеміз!
Ардақ ДОСАЕВА,
Орынбай ауылдық округінің белсенді тұрғыны