Қазақстан халқына Жолдау 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қарқынды түрде жүзеге асуда. Жолдауда Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар. Және әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөінген. Әлемде, Қазақстанда түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осынау алмағайып кезеңде мемлекетіміз дамудың жаңа бағдарын айқындап, сол жолмен сенімді қадам басып келеді. Ол – Президент айтқандай, Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстан құру жолы. Біз осы алған бағытымыздан таймауымыз қажет. Заң мен тәртіп үстемдік құрып, бірлігі бекем біртұтас ұлтқа айналуымыз керек.

Бақытгүл Сатбергенова, Атасу ЖББМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *