Ұлытау облысында делдалдық схемаларды тексеру комиссиясы 226 кәсіпкерді жауапкершілікке тартты

Ұлытау облысы бойынша азық-түлік бағаларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның жыл басынан бері 65 отырысы өтіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына сауда үстемесінің мөлшерін негізсіз арттырған 226 кәсіпкерді Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 9 бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Заңнамада көрсетілген ережеге бағынбай, бағаны негізсіз көтерген жосықсыз кәсіпкерлерге жалпы сомасы 1 миллион теңгеге жуық қаражат көлемінде айыппұл салынып, қысқартылған түрде 572 260 теңгеге айыппұл өндірілді. Бұл өңірдегі делдалдық схемаларды анықтау бойынша комиссия жұмысымен қатар, Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мамандарының электрондық шот фактураларға тұрақты талдау жүргізуінің нәтижесінде мүмкін болды.

 Заң бұзушылықтар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесіне кіретін сүзбе, күнбағыс майы, жұмыртқа, тауық еті, қант, күріш және рожки өнімдерінің бағасын негізсіз көтеру кезінде анықталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жария шарт жағдайында тауар өткізу кезінде тауарлардың баға жапсырмаларын орналастырмаған 15 жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 193-бабы 4-тармағына сәйкес жауапкершілікке тартылып, қысқартылған түрінде 173 524 теңге көлемінде айыппұл өндірілген. ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңының 9 бабына сәйкес тауар бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетілуі қажет.

Жалпы өңірде биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 376 % артық орындалған.

Ұлытау облысы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *