Жолдау — ел дамуының стратегиясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы халыққа жол тартты. Мемлекет басшысы өз жолдауында Қазақстанды одан әрі дамытуға бағытталған стратегиялық мақсаттар мен бастамаларды ұсынды. Соның ішінде үкіметке тұрғындарды және экономиканы қажетті көлемде газбен қамтамасыз ету тапсырылды. Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастаған еді. Сондай-ақ, жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн. Жалпы, Жолдаудағы негізгі бағыттар экономикалық даму, ғылым мен сапалы білім, экологиялық тұрақтылық және ұлттық бірлік пен қауіпсіздік. Сонымен қатар, қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды. Жолдаудағы аталған негізгі шаралар, еліміздің дамуын одан әрі нығайтуға септігін тигізері анық.

Қуаныш Төлеутай, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *