Ұлытау облысының барлық қалалары мен аудандарында бос орындар жәрмеңкесі өтті

Ұлытау облысы бойынша Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалаларында және Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында жұмыссыздықты азайту мақсатында «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкеге барлығы 294 жұмыссыз азамат қатысты, 140 жұмыс беруші әртүрлі салаларда 491 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 163 адам жұмыспен қамту орталығының мамандарынан толық кеңес алды, тұрақты жұмыс орындарына 52 адам жолдама алды. Уақытша жұмыс орындарына, оның ішінде: қоғамдық жұмысқа 14 адам, күміс жас жобасына 7 адам, алғашқы жұмыс орнына 1 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам жіберілді.

Кәсіптік қысқа мерзімді оқытуға 24 адам жазылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан Бастау Бизнес оқуына 25 адам жіберілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *