«Ұзақ мерзімді энергия көзі»
Атом электр стансасын салу еліміздің болашағына деген маңызды қадам болып табылмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты жалпыұлттық Референдум 6 қазан күні өтетінін жариялаған болатын. АЭС-тің бір артықшылығы сол, тұрақты әрі ұзақ мерзімді энергия көзін қамтамасыз етеді. Осы орайда әрбір азамат дауыс беруде батыл шешім қабылдайды деп сенеміз. Сонымен қатар, АЭС салудың тиімділігіне басты назар аудару қажет. Мемлекет басшысы айтқандай: «Атом электр станциясын салу – ұзақмерзімді жоба. Алайда бұл бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, энергетикалық дербестігімізді нығайтады, экономиканың, ғылым мен білімнің түрлі саласын өркендетуге тың серпін береді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін қалыптастыруға ықпал етеді». АЭС-тың пайдасын қазіргі жастар мен болашақ ұрпақ көреді.
Мағрұпжан Бексұлтан,
белсенді жас