«АЭС-сенімді жоба»
Атом электр стансасын салу еліміздің болашағына қатысты маңызды қадам болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты жалпыұлттық Рефендум 6 қазан күні өтетіні белгілі болды. Осыған орай, мен АЭС құрылысын салуды қолдаймын. Себебі, АЭС – таза, қауіпсіз, сенімді жоба. Қазіргі таңда басқа мемлекеттерде АЭС жұмыс жасап тұр. Бұл елімізге еш қаупі жоқ екенін растайды. Оның экологияға ешқандай зияны болмайды, керісінше пайдасы көп. Бұл жобаның мүмкіндіктерін айтатын болсақ, экономикалық даму, заманауи технологияны қолдану мен жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты түрлі бастамалары бар. АЭС құрылысын салуды барынша қолдап, батыл шешім қабылдайық. Ел ертеңі үшін АЭС құрылысы маңызды шешім болмақ. Сондықтан, болашағымыз үшін, еліміз үшін әрекет ету маңызды деп білемін.
Аманжолова Гүлнәз Жұмажанқызы,
қоғам белсендісі