Жолдау — ел өркендеуінің басты құжаты. АЭС салу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда қазақстандықтардың арасында қызу талқыға салынып жатқан үлкен мәселелердің бірі — Қазақстан жеріне АЭС станциясын салу керек пе, жоқ па сұрағы.
Бұл үлкен мәселенің шешімі бойынша республикалық көлемде шалғай жатқан аудан, ауыл аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әр хабардан құлағдар етуші әкімдік қызметтің қызметкерлері ауыл халықтарымен кездесіп ақпарат беруде. Осындай түсіндірме жұмыстары ауданда өнер мектебінде және ҚТЖ дабыл және байланыс бөлімінде өткізілді. Түсіндіруші топ Жаңаарқа ауданына қарасты Бидайық ауылдық округіне де барып қайтты.
Жиынға Ұлытау облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Жаманқұлұлы Шайдаров, Жаңаарқа ауданының мәслихат төрағасы Юржан Бекқожин, “Amanat” партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының төрағасы Амангелді Түсіпов, облыстық мәслихат депутаты Жәнібек Сайлаубекұлы және аудандық мәслихат депутаты Бекболат Жарылғапов жүргізді.
Кездесу барысында Президент Жолдауы талқыланып, референдум және АЭС бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *