Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты
«Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады»,- деп нақтылады президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Президентіміз айтқандай біз білімді ұрпақ тәрбиелеуге бір ауыздан ат салысуымыз керек. Білімді ұрпақ мемлекетіміздің дамып, өркендеуіне ашылған айқара есік.
Әдеттегідей 1 қыркүйекті мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауымен жаңа оқу жылына аяқ бастық. Биылғы оқу жылында №7 жалпы білім беретін мектепте жалпы бала саны — 609. Мектебімізде 3 мектепалды даярлық тобы (қазақ-орыс тобы) және шағын орталық жұмыс атқарып жатыр. Мектеп табалдырығын алғаш аттаушы 1сынып үш сынып. Жалпы мектеп бойынша -32 сынып топтастырылды.
Бүгінгі таңда ертеңгі болашағымыз осы жастарымызың саналы білім мен ғылымға үздіксіз ұмтылуы жақсылықтың нышаны. Алдағы болашағымыз жарқын әрі айқын болуы үшін, жастарымызды білім нәрімен сусындату керек. Ал, ол білім нәрін бойына таратушы – ұстаз. «Білімді шәкірт –мектеп мақтанышы»демекші,биылғы жылы шәкірттеріміз жетістіктерге жетіп, қуанышымызды молайтып тастады. Атап айтсақ, 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің 1 дәрежелі дипломмен 10-сынып оқушысы Сатанова Айзада марапатталды. Жетекшісі: Кәріп Береке. 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңінде алғыс хатпен 7-сынып оқушысы Аманбай Нұрдәулет марапатталды.Жетекшісі:Кәріп Береке.«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен 11-сынып оқушысы Салимбекова Еркеназ марапатталады. Жетекшісі: Касимова Рахаткуль Зейнигапппаровна. «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңінде І дәрежелі дипломмен 10-сынып оқушысы Сүйіндік Дильназ марапатталады. Жетекшісі: Жанабаева Мөлдір Аманжоловна. «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде 3 орын иеленген 6-сынып оқушысы Аманбаев Мирас иеленді. Жетекшісі: Рымар Ольга Валериевна. «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде 3 орын иеленген 6-сынып оқушысы Ергазиева Дильназ марапатталды. Жетекшісі:Рахымжанова Ардақ Хасеновна. Дәстүрлі «Яссауитану» республикалық байқауының облыстық кезеңінде алғыс хатпен 7-сынып оқушысы Жылқыбай Дильяра марапатталды. Жетекшісі :Касимова Рахатгул Зейнигаппаровна. «Мұрагер-2024» 2 облыстық шығармашылық байқауының «Аспапта орындау» жанры бойынша Бас жүлде иегері, облыстық ГАЛА концертке жолдама алған Мұрат Арман, жетекшісі: Рахим Әбдрасіл Нығманұлы.«Мұрагер-2024» 2 облыстық шығармашылық байқауының «Аспапта орындау» жанры бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері Жакупова Амина,жетекшісі: Тажибаева Перизат Сериковна.
«Математикалық регата» байқауының І орын иегері Рымарь Ольга Валериевна. ІІ орын иегері Қожамсейітова Зауре Аманжоловна. Шабал Бейсенбекова атындағы 4 облыстық педагогикалық байқауының «Білім берудегі инклюзия: мектепте инклюзивті ортаны қалыптастыру» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болған мектеп директоры Абдишеваа Аманкуль Шыныбаевна,психологтар Куляш Сейсенбаева Тулеутаевна ,Мұқажан Мөлдір Қуантайқызы,бастауыш сынып мұғалімі Уразалина Арайлым Мұхитқызы. Оқушылар арасында беделді,өнер мен білімді ұштастырып жүрген алғыр да жігерлі жоғарыда есімдері аталған шәкірттерімізді мақтан тұтамыз. Олар-мектептің мақтанышы, жетістігімен ұстазын қуанышқа бөлеген өрендер.Ұстаздардың барлығы дерлік ұстаз болуды балалық шақтан бастап армандайды. Қиындығы мен қызығы бірге қатар жүретін мамандық. Қиын дейтін себебім: әр сабағыңа жіті дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім — тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» -деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай тер төксең , еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» -деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Заман бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру. Оқушылардың алдында ұстаз өзінің жүріс-тұрысымен, киім кию мәдениетімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен жалпы барлық жағынан үлгі болуы керек. Бала ұстазға қарап бой түзейді, өзіне үлгі тұтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділ мемлекет, біртұтас ұлт, гүлденген қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей, жалпы халықтық референдум кең ауқымды жалпы ұлттық диалогтің тағы бір көрінісі және халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асырудың жарқын үлгісі
Аманкүл АБДИШЕВА,
№7 ЖББМ директоры