Жолдау — елдің өркендеуінің басты құжаты. Жолдау-өзекті мәселелерді шешудің негізі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі экономикалық реформаларға басты назар аударды. Атап айтқанда, Президент Қ.Тоқаевтың бастамалары мен ұсыныстары салық жүйесін қайта жаңғыртуға, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қабылдауға, ауыл шаруашылығы саласын қолжетімді несиелеуге, әділ және тиімді тарифтік саясатқа, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, білікті кадрлар даярлауға, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Президент Қ.Тоқаев 2024 жылғы 6 қазанда Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өтетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы қоғамды толғандыратын бірқатар өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Олардың қатарында интернет-алаяқтық, жол-көлік оқиғалары, әскердегі тәртіп, есірткі бизнесімен күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің жетілмегендігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бақылаудың шектен тыс болуы және т.б. мәселелер бар. Жалпы, Жолдау көптеген өзекті мәселелерді шешуге және еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Нариман ТҰТҚЫШЕВ,
Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері,
Азия чемпионатының женімпазы, Әлем кубогының жулдегері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *