Жолдау — елдің өркендеуінің басты құжаты АЭС қазақстанға қажет
Референдумда дауыс саны 50 пайыздан артық болса, онда халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдайды деген сөз. «Бізде – демократия. Сондықтан бір жылдың ішінде жан-жақты талқыланды. Демократия болғандықтан, жақтаушылар да, қарсылық танытушылар да болады. Меніңше, АЭС Қазақстанға қажет. Өйткені, экономика дамып келе жатыр. Экономика дамығанымен оған жеткілікті энергия көздері жоқ. Электр энергиясын Ресейден импорттап отырмыз. Мұның үстіне импорт қымбатқа түседі. Ал, азаматтардың дауысының естілгені не естілмегені алдағы 6 қазанда белгілі болады.
Ерлан САИРОВ,
Мәжіліс депутаты