Атом электр стансасы еліміздегі маңызды мәселелерді халық болып шешудің басты тетігінің бірі
#Референдум 2024
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді деп мәлімдеген болатын. Президент бұл ретте жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екенін баса атап өтті.
Атом электр стансасы еліміздегі маңызды мәселелерді халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар істерімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, кемеліне келтіріп, жүйелі жүргізе аламыз. Мұндай шешімде әрбір азаматқа өз ұстаным-пікірінің мемлекет үшін маңызды екенін түсінуге, өзін ортақ Отанымыздың бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Референдум (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу.
Алдағы референдумға әрбір қазақстандық қатысып, еліміздің дамып, алға басуына, атом стансасын салу туралы пікірді қолдайды деген ойдамын.
Гүлнар Жакупова, психолог