АЭС, әкім сайлауы және академиялық туризм – танымал саясаттанушы Жолдаудың өзекті тақырыптарына тоқталды
Саясаттанушы Андрей Чеботарев Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікірін білдірді.
АЭС бойынша референдум
Саясаттанушының айтуынша, Жолдаудың негізгі түйіні АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өткізу күнін белгілеу болды.
«Осы іс-шара қарсаңында өңірлерде, әлеуметтік желілерде және БАҚ-та түрлі пікірлер айтылған бірқатар қоғамдық тыңдау өткізілгені дұрыс болды. Енді әр адам өзіне жақын ұстанымды таңдай алады. Мен референдумның нәтижесін болжай алмаймын, бірақ талқылау үшін нақты күн мен уақыттың бекітілгені маңызды», — деді Чеботарев.
Аудан, қала әкімдерін сайлау
Сондай-ақ Андрей Чеботарев былтырғы пилоттық әкімдер сайлауынан кейін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау енгізілгенін де атап өтті.
«Биыл сайлау өткізу туралы шешім экономикалық жағдайға және су тасқынының салдарына байланысты болса керек. Бұл – саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге өз кандидаттарын анықтауға жақсы мүмкіндік. Қарапайым азаматтар да сайлауға түсіп, жан-жақты дайындалып үлгереді», — деді саясаттанушы.
Оның пікірінше, әкімдердің сайлауы партиялардың дамуына және олардың кадрлық құрамының жаңаруына стимул болады. Сонымен қатар кейбіреулері мемлекеттік тіркеу деңгейіне жеткен жаңа партиялардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
Білім беру туризмі
Чеботарев ғылыми мамандардың шетелде тағылымдамадан өтуін реттеудің маңыздылығын да атап өтті.
«Шетелге көп адам барады, бірақ мұндай сапарлардың маңыздылығы жайлы әңгіме бөлек. Президент академиялық туризмді реттеу қажеттігін атап өтті, өйткені мұндай сапарлар ғылыми мақалалар немесе оқу курстарын құру сияқты нақты нәтижелер әкелетіні маңызды. Бұл академиялық туризм мақсатында тағылымдамадан өтуді болдырмауға мүмкіндік береді», — деді